Зардап шеккен кәсіпкерлер Атырауда да бар…

crop 49e4b66d6b446d639abf7296c11634cb 1641956467 Жаңалықтар

Еліміздегі соңғы оқиғалардан зардап шеккен кәсіпкерлер Атырауда да бар болып шықты.

Біз бұл туралы өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры Нұрлан Сүйінбаевтан білдік. 

– Өңірде орын алған тәртіпсіздік бойынша облыстық кәсіпкерлер палатасына үш кәсіпкерден шағым түсті. Атап айтқанда, бір автокөлік кәсіпорны 285 мың теңге шығынға қалғаны анықталды. Сонымен қатар, жеке күзет мекемесі мен асханаға залал келген. Олардың шығыны анықталып жатыр, – деді Н.Болатұлы.

Оның айтуынша, кәсіпкерлерді қолдау мақсатында облыс әкімінің шешімімен Жаппай тәртіпсіздік салдарынан келтірілген зиянның сомасын анықтау жөніндегі комиссия құрылған. Өтініштердің барлығы сол комиссия отырысында қаралып, нақты шешім қабылданады.

Бүгінде еліміз бойынша шығынның жалпы сомасы алдын ала есепке сәйкес 103,7 млрд теңгені құрап отыр.

Айта кетейік, қиын жағдайға тап болған кәсіпкерлер 8(702)6657170, 8(702)5001308, 8(707)5093088 нөміріне немесе whatsapp желісі арқылы хабарласып, қажетті ақпарат ала алады.

Амандық АБДОЛ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз