Жарнама
ЖаңалықтарҚұқық

Заңсыз ойын бизнесіне жол жоқ!

Atr.kz/21 тамыз, 2019 жыл. Атырау облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің негізгі мақсаты – «көлеңкелі экономикамен» күреске және мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Департамент қызметкерлері өз құзыреті шегінде салық төлеуден жалтару, экономикалық контрабанда, жалған шот-фактураларды жазу, заңсыз ойын бизнесі, алкоголь мен мұнай өнімдерінің заңсыз айналымы фактілерін анықтауды және тергеуді жүзеге асырады.

     Бүгінде қоғамның негізгі өткір әлеуметтік проблеманың бірі ­– ойынқұмарлық. Құмар ойындарға тым тәуелді адамы бар отбасылардың мәселесі қоғамда көбірек  талқыланатын және сыналатын  өткір  мәселенің  бірі.  Сонымен қатар, бизнес тұрғысынан мұндай адамдар ойын мекемелерінің «тұрақты клиенттері» ретінде қарастырылуы мүмкін. Осылайша, ойын бизнесінің заңсыз қызметінің салдарының бірі психиканың  бұзылуы, көзқарасының өзгеруі, ойындарды төлеу үшін отбасы бюджетіне қол сұғушылық – бұл өз кезегінде жалпы қоғамға үлкен зиян келтіреді.

     Қазір департаментпен заңсыз ойын бизнесінің қызметін, соның ішінде  ойын  орындарын  жою үшін белсенді жұмыстар  жүргізілуде. Ағымдағы жылдың өткен кезеңінде 10 заңсыз ойын орнының қызметі тоқтатылып, рулетка, ойын автоматтары, термопринтерлер және жалпы сомасы  668,4 мың теңге  көлемінде  қолма-қол ақша алынды. Мысалы, биыл қыста департамент қызметкерлерімен  жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Атырау қаласының Авангард  мөлтек ауданында  заңсыз ойын бизнесінің  дерегі  анықталып, қызметі  тоқтатылды. Ойын клубын тексеру кезінде ойын бизнесімен заңсыз айналысуға арналған «SUPRA» және «HISENSE» теледидарлары, «Star tsp-100» термопринтері, «Lenovo» веб-камерасы, «Honeywell» ақша аудару аппараты, «CROWN» жүйелік блоктары, «LG» мониторлары тәркіленді, сондай-ақ ақшалай қаражат алынды.

   Атырау қаласының №2 сотының үкімімен азамат «Ж»  Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 307-бабының 1-тармағымен кінәлі деп танылып, 1 жыл мерзімге бас бостандығынан шектеу белгілей отырып, пробациялық бақылау жазасы тағайындалды.                                      

    Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 307-бабы бойынша заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған, онда ойын мекемесiн заңсыз ашу не ұстау немесе ойын бизнесi саласындағы қызметтi заңсыз ұйымдастыру, сол сияқты заңсыз ойын бизнесі үшін үй-жайлар беру не Қазақстан Республикасының ойын бизнесі туралы заңнамасында белгіленген орындардан тыс құмар ойындарын ұйымдастыру және өткізу не ойын бизнесі саласындағы қызметі лицензиясыз жүзеге асыру үшін – мүлкі тәркіленіп, бес мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір мың екі жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

      Осыған байланысты жалға берушілерге Сіз тапсырған ғимараттар мен ғимараттардағы алаңдарды жалға алу мәселелері бойынша өтініш білдірген тұлғаларға заңсыз ойын бизнесімен айналысу немесе лотерея терминалдарын орнату үшін  берілмеуіне  назар аударуларыңызды сұраймыз.

      Егер сізге Атырау облысы аймағында заңсыз ойын бизнесі саласындағы құқық бұзушылықтар туралы ақпарат  белгілі болған жағдайда, Атырау облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне 8 (7122) 35-42-10, 31-60-59 телефоны бойынша хабарласуды (хабарлауды) сұраймыз. Сіз осылайша құқық бұзушылықтың жолын кесуге өз азаматтық үлесіңізді  қосыңыз.

Атырау облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің профилактикалық жұмыс және бақылау басқармасы

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button