Жарнама
Жаңалықтар

Заң Президентке жіберілді: Педофилге рақымшылық жасала ма?

Балаларға қатысты жыныстық сипаттағы қылмыс жасағандарға рақымшылық жасалмайды және түрмеден мерзімінен бұрын босатылмайды.

 Мәжіліс педофилдердің жазасын қатаңдатуға бағытталған заң жобасына сенат енгізген толықтыруларды қабылдады. Заң президентке жіберілді, деп хабарлайды. 

Мәжіліс «кейбір заңнамалық актілерге президенттің 2020 жылдың 1 қыркүйегіндегі жолдауының жекелеген ережелерін іске асыру мәселесі бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасына сенат енгізген толықтыруларды қарап шықты. 

Депутаттар сенат ұсынған толықтырулар заң жобасының тұжырымдамалық ережелерін өзгертпейді деп санайды. 

Заң жобасында педофилдердің жазасын қатаңдатуға бағытталған нормалар қарастырылған. Атап айтқанда, балаларға қатысты жыныстық сипаттағы қылмыс жасағандарға рақымшылық жасалмайды және түрмеден мерзімінен бұрын босатылмайды. Сондай-ақ, олар жазасын қатаң режимдегі мекемеде ғана өтейді. 

Бұдан бөлек, құжатта жауапты хатшылардың өкілеттігін министрлік аппараты басшыларына жүктеу, квазимемлекеттік сектор қызметкерлерінде қос азаматтық анықталған кезде және сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін оларға қатысты еңбек шартын бұзу, монополияға қарсы органмен келісу бойынша электрондық сауда алаңы арқылы сатылатын газ көлемін белгілеу нормалары бар. 

Мәжіліс сенаттың толықтыруларымен бірауыздан келісті. Заң мемлекет басшысының қол қоюына жіберілді.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button