Жарнама
Жаңалықтар

ЗАМАНАУИ ҒАРЫШТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР

Аталған бағдарлама аясында республикамызда жерді қашықтықтан зондтау жүйесі мен жоғары дәлдіктегі жерсеріктік навигациялаудың жерүсті инфрақұрылымы жүйесін құру жөнінде жаңа жобалар дайындалып, жүзеге асырыла бастағандығы да мәлім.

Қазірдің өзінде қолданысқа енгізіліп, бұрынғыларынан біраз  артықшылықтары мен айырмашылықтары барын іс жүзінде көрсетіп те үлгерген замануаи ғарыштық технологиялардың мұндай мүмкіндіктері жақында ғана облыс әкімдігінде өткен келелі кеңестің басты тақырыбына  айналды. Басқосуды Атырау облысы бойынша сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Гүлбаршын Арыстанова ашып, жүргізіп отырды.

Алғашқы сөз кезегін «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық ғарыш компаниясы» АҚ-ның коммерциялық жұмыстар жөніндегі басқарма басшысы, биология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі Гүлнәр Нәбиева алды. Жоғарыда айтылып кеткендей, ғалым Қазақстан Республикасындағы жоғары дәлдіктегі жерсеріктік навигациялау жүйесі қызметтерінің экономиканың әр саласындағы қолданылу мүмкіндіктері жайында баяндады.

Әріптесінің әңгімесін одан әрі аталмыш акционерлік қоғамның геологиялық өнімдерді дайындау басқармасының басшысы Оңғарбек Әліпбеки жалғастырып, заманауи ғарыштық технологиялардың халық шаруашылығында іс жүзінде қолданылу жайына тоқталды.

-Қазақстан Республикасының ұлттық ғарыш агенттігінің («ҚазҒарыш») қызметі төмендегідей үш технологияға негізделген: бірінші, жерді қашықтықтан зондтаудың ғарыштық жүйесі (KazEOSat-1, KazEOSat-2); екінші, жоғары дәлдіктегі жерсеріктік навигациялау жүйесі; үшінші, KazSat-2 және Kazsat-3 ғарыштық байланысы,-деді баяндамашы.-Енді осы тұрғыда Атырау облысы әкімдігімен бірлескен қызметімізге келсек, мұнда көзделген басты мақсат-еліміздегі ғарыштық технологияларды жүйелі-талдамалы қолдану негізінде ақпараттық айқындықты қамтамасыз ету. Ол үшін мынадай міндеттерді жүзеге асыруымыз қажет. Алдымен облыстық әкімдіктің  ғарыштық мониторингілеу мен бақылау жөніндегі функциялары дамытылуы тиіс. Бұнда жер ресурстары, жер қойнауын пайдалану, қаланың өсуі мен дамуы, өнеркәсіп, су ресурстары мен нысандарының қызметі, түрлі мақсаттағы транспорт құралдарының жұмысы, т.б. қамтылады. Келесі кезекте қала әкімдігінің функцияларына қатысты мәселелерге назар аударылады. Тұтастай алғанда, ғарыштық технологиялардың көмегімен бүкіл облыс аумағында жүргізілетін шаруашылық қызметінің мониторингін ұйымдастырып, тұрақты бақылауда ұстап отыруға болады. Бұған мәдени мұра нысандарынан бастап, жерді түгендеу мен пайдалану, өнеркәсіп және коммуникация нысандары, төтенше жағдайлар, қала құрылысы қызметі, табиғи ресурстар, мүліктік түгендеу, сондай-ақ тұрғын үй-коммуналды шаруашылық нысандары кіреді.

Осыларды егжей-тегжейлі жеткізген Оңғарбек Әліпбекұлының айтқандарынан, заманауи ғарыштық технологияларды пайдалана отырып геологиялық өнімдердің базасын қалыптастыруға, барлық санаттағы жерге қатысты проблемаларды да оңтайлы шешуге болатынын білдік. Өнеркәсіп нысандарының экологиялық нормалар мен талаптарға сәйкестігін бағалау, ластану жағдайын анықтау, маусымдық су тасу, өзендердің арнасынан шығып кету жағдайларын мониторингілеу мен болжамдау. Ірі тасқын болуы ықтимал аймақтардың масштабын айқындау, мұнайдың заңсыз өндірілу және төгілу ошақтарын анықтау, республика, облыс аумағында пайдалы қазбаларды өндіріп, өңдеуші және тасымалдаушы компания-кәсіпорындардың жұмысына тұрақты бақылау орнату, ауа райын болжау. Міне, осы тағы басқа толып жатқан қызмет түрлерінің барлығында (жалпы саны 350-ден асып жығылады) ғарыштық технологиялардың көмегіне немесе солар арқылы зерттеліп, жинақталған нақты мәліметтер мен деректерге сүйенуге болады екен. Және бір көңілге түйгеніміз, осылайша еліміздегі ірі қалалардың сандық топографиялық жоспарлары дайындалады, ортофототүсірілімдері жасақталады, инфрақұрылым нысандарының құрылысы бақыланады. Бұларды келесі сөз кезегін еншілеген «Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы» бас директорының орынбасары Асылхан Бибосынов толықтырды.

Дәулетқали АРУЕВ.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button