Саяси қуғын – сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі комиссия тобы Құрманғазы ауданында

43e0bbdd 12e9 4e0a 97f2 140c29376af6 Қоғам

Атырау облысында саяси қуғын – сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі құрылған комиссияның жұмысшы тобы Құрманғазы ауданында болып, өңірлік комиссияның жұмысшы тобының жетекшілері Л.Бердіғожин, А.Ахмет, Ұ.Ахметова, Н.Жеңісов көшпелі мәжіліс отырысын өткізді.

Жиналысқа Құрманғазы ауданынан өлкетанушы-тарихшылар, аудан тұрғындары және Құрманғазы ауданы бойынша құрылған жұмысшы тобы мүшелері қатысты.
Аталған тақырып төңірегінде жүргізілген зерттеу жұмыстары, репрессия кезінде жазықсыз жазаланған құрбандардың ұрпақтарын анықтап, олардың кейінгі тағдыры туралы тың деректермен жұмыстар жасалып жатқаны жеткізілді.

Ел ағалары қозғалған мәселеге қатысты Құрманғазы ауданында да жергілікті жұмысшы тобының жұмысына тоқталып, саяси қуғын – сүргін құрбандарын ақтау комиссиясы жұмысына қатысты ойларын, ұсыныстарын ортаға салды.

f4c72d2d 1f00 41eb b294 c758f4000e6b
2b39f695 1344 4414 a23f 942602952265

Жиыннан соң жұмыс тобының мүшелері Құрманғазы ауданындағы саяси құғын-сүргін ескерткішіне барып, тағзым етіп, гүл шоқтарын қойды.
Сонымен қатар топ мүшелері Құрманғазы ауданының Жұмекен ауылына барып Қазақстан Республикасы Әнұранының авторларының бірі, жерлесіміз Жұмекен Нәжмеденов ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, тағзым етті.
Өз тілшіміз

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз