Жарнама
ЖаңалықтарҚұқық

Заңсыз көші-қон ақыры топтың түбіне жетті

Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты заңсыз көші-қон жолын ұйымдастырған Қазақстан мен Ресейдің бес азаматына қатысты қылмыстық істі қарады.

Заңсыз көші-қон

Бұл топ 2015 жылдың қазанынан 2016 жылдың наурыз айына дейін Ауғанстанның азаматтарын транзитпен Қазақстан, әрі қарай Ресей және Еуропалық Одақ елдеріне жеткізіп отырған. Заңсыз көші-қон Мурманск облысындағы «Солтүстік маршрут» деп аталатын Ресей – Финляндия шекарасы арқылы жүріпті.

Атырау облысының ҰҚК департаменті анықтағандай, олар шетел азаматтарын арнайы жасақталған жоспар бойынша тасымалдаған. Қылмыстық топ  мүшелерінің атқаратын міндеттері нақты бөлініп беріліпті. Шетел азаматтарын арнайы тасымалдау үшін оларды Қазақстан – Ресей шекарасына жеткізетін такси жүргізушісін жалдаған көрінеді. Қылмыстық топқа Ресей мен Ауғанстанның өзге адамдары көмектескені де белгілі болып отыр.

Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты баспасөз қызметінің  хабарлауынша, сот үкімімен төрт сотталушы трансұлттық ұйымдасқан топты құрғаны, заңсыз көші-қонды қылмыстық топ арқылы жасағандығы үшін айыпты деп танылды. Нәтижесінде, топтың басшысы алдағы 10 жылда қатаң режімдегі түзету колониясында жазасын өтейтін болды. Қалған мүшелері әрқайсысы 8 жылдан арқалады. Таксист қызметін атқарған адам да жазасыз қалмады. Оған алдын ала сөз байласуы арқылы заңсыз көші-қонды ұйымдастырғаны үшін 3 жыл мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды.

Азамат САНСЫЗБАЙҰЛЫ.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button