Жаңалықтар
Ынталы іс игілігі
Сәуірдің 2-сі күні сенбілікке шыққан «Алмагүл» ықшамауданының тұрғындары мен осы аумақта орналасқан №34 Атырау қалалық лингвистикалық мектеп-гимназиясы ұжымы, №7 Атырау қалалық емханасы ұжымы да таңертеңгі сағат 9.00-ден бастап өздеріне бекітіліп берген учаскеден табылды.
Атырау қалалық №34 лингвистикалық мектеп-гимназиясының территориясы мұқият тазаланып, бұған мектеп оқушылары да өз үлестерін қосты. Жол жиектерін әктеу жұмыстарына да мән берілді.
Сондай-ақ, бұл күні ақ халатты абзал жандар да жұмысқа ертемен келді. Емхана территориясы қыстағы қоқыстардан тазаланып, бұл сенбілікке тұрғындар да атсалысты.
Гүлзада НИЕТҚАЛИЕВА.