Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

Қызылордадағы атыраулық қыздар жеңісі

Қызылорда қаласында волейболдан мектеп оқушылары арасында  республикалық турнир өтті. Онда Астана, Қызылорда, Атырау қалалары мен Қарағанды, Қызылорда облыстарынан бес команда бақ сынады. Нәтижесінде, Атырау қыздар құрамасы  жеңіске жетті.

Волейбол қыздар

Жарыстың алғашқы күнінде  атыраулық бұрымдылар  астаналық қыздарды 3:0 есебімен ұтса, одан кейін қарағандылық қарсыластарын 3:1 есебімен жеңді. Бұдан соң, Қызылорданың облыстық құрамасын 3:0, қалалық құрамын 3:2 есебімен тізе бүктірді.  Осылайша, еш ұпай жоғалтпастан жалпы командалық есепте бірінші орын иеленді. Бұл сында қызылордалықтар екінші, қарағандылықтар үшінші сатыдан көрінді.

Атырау аймақтық дене тәрбиесін және спортты дамыту орталығының жоспарлық кестесіне сай өткен сайыста мектеп оқушыларын Атырау қаласындағы №35 мектеп-гимназиясының дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі  Оңғарбек Досахаев дайындапты.

Мұратбек ЖАҢАБАЙ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button