Жарнама
ЖаңалықтарСаясатЭкономикаҚоғам

Қызылқоғалық шаруалар субсидия алу үшін өтініштерін электронды түрде тапсырады

Атырау облысында шаруалар субсидия алу үшін өтініштерін электронды түрде тапсырады.

50411421_623573284744008_6161755417954222080_o

Субсидияның автоматтық жүйесі 2019 жылдың 2 тоқсанында енгізіледі, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі. Бұл туралы Қызылқоға ауданында облыс әкімінің қатысуымен өткен көшпелі мәжілісте мәлім болды. Облыс бойынша 2018 жылы 8 бюджеттік бағдарлама бойынша жалпы құны 1 млрд 607 млн теңгеге 727 шаруашылық субсидияланды.

— Субсидиялау тәртібі өзгеріп жатыр, 2 тоқсаннан бастап электронды форматқа көшеді. Бұл субсидия алу процесін жеңілдетеді. Жергілікті атқарушы органдар шаруашылық иелеріне жаңа талаптар мен төлем тәртібін түсіндіру қажет. Субсидиялар туралы өтініштер электронды үкімет порталы арқылы беріледі, бұл бірінші кезекте оларды алуды жеңілдетеді, ал екіншіден, сыбайлас жемқорлықты болдырмауға көмектеседі. Біз өз кезегімізде бұл мәселені үнемі қадағалап отырамыз. Кәсіпкерлерге қажетті қолдау қаражаты уақытылы берілу керек,- деді Нұрлан Ноғаев.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button