Жарнама
Жаңалықтар

ҚЫЗМЕТКЕ ТАҒАЙЫНДАУ

Елтай Ғалымжанов 1971 жылы Атырау облысы Қызылқоға ауданында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясын және Атырау мұнай және газ институтын инженер-құрылысшы, мұнай-газ ісі техника ғылымдарының магистрі мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1990 жылы Атырау облысы Қызылқоға ауданындағы «Жангелді» совхозында күрделі жөндеу шебері болып бастаған. Кейін №2 нөлдік циклы арнаулы құрылыс басқармасының учаске шебері, «Астория» шағын жеке кәсіпорнының директоры болып жұмыс жасаған.
1999 жылдан бастап мемлекеттік басқару жүйесінде әртүрлі лауазымдарда қызмет атқарып келген: Атырау облысы Экономика басқармасының жетекші маманы, бас маманы, Атырау облысы Тұрғын үй және сәулет, құрылыс басқармасының бас маманы, Атырау облысы Коммуналдық меншік, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық департаментінің бас маманы, Атырау облысы Құрылыс кешені басқармасының жоспарлау бөлімінің бастығы, Атырау облысы Қаржы басқармасының бөлім бастығы, Атырау облысы Сәулет қала құрылыс және құрылыс департаментінің жоспарлау-қаржы бөлімінің бастығы, Атырау облысы Құрылыс департаментінің жоспарлау-шарт бөлімінің бастығы.
2007 жылдың сәуір айынан бері Атырау облысы Құрылыс басқармасы басшысының орынбасары.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button