Жарнама
Жаңалықтар

Қысқа дайындық қалай?

Атыраудағы жылу беру нысандары алдағы күзгі-қысқы маусымға қаншалықты дайын? Бұл жөнінде облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Сүйіншәлиев, ҚР Президент әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы Нұрлан Нұркеновтің қатысуымен өткен жиында жан-жақты пысықталды.

Коммуналдық қызмет2

Бүгінде өңірдегі өзекті мәселелердің бірі – көп қабатты үйлердегі пәтерлердің ішіне жылу қазандықтарының талапқа сай қондырылмауы. Шамасы, бізге осы жылдың басында Қарағанды облысының Шахан кентінде орын алған қайғылы оқиға сабақ болмаса керек.

Облыстық энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруа-шылық басқармасының басшысы Жұмабай Қарағаевтың айтуы-на қарағанда, қазір көп қабатты үйлердегі тұрғындардың көбі қазандықтарды рұқсатсыз орнатып алған. Ал, бұл – заңға қайшы.

– Қала мен аудандардағы тұрғын үйлер бұған дейін автономды жылу қазандықтарымен жылытылып келді. Алайда, коммуналдық қызмет ақысы уақытылы төленбеген соң, тиісті мекемелер банкрот деп танылып, жабылып тынған. Ал, тұрғындар үшін орталық қазандықтан жылу алғаннан гөрі, тұтынған газ үшін ғана төлеген тиімдірек. Сондықтан, өз бетінше қондырған, — дейді ол.

Ал, Атырау қаласы бойынша жылу беру маусымына 138 білім беру, 39 денсаулық сақтау, 58 мәдени нысан, 1054 тұрғын үй дайындалуда. Оларды «Атырау жылу электр орталығы» акционерлік қоғамы, «Куспанова» жеке кәсіпкерлігі, «АтырауСуАрнасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны және «Қалалық тұрғын үйлерге қызмет көрсету» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жылумен жабдықтайды. Соның ішінде көп бөлігін, яғни, 817 көп қабатты тұрғын үйді «Атырау жылу электр орталығы» қамтиды.

Амандық АБДОЛ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button