Жаңалықтар
Ырза Тұрсынзаданың шеберлік сыныбы басталды
«Ұлы даланың ұлттық дәстүрлері» Халықаралық форумы аясында Атырау облыстық тарихи-өлкетану мражайында белгілі этно-қолөнерші, дизайнер Ырза Тұрсынзаданың шеберлік сағаты өтуде. Қолонершінің шеберлік сағатына 300-ге жуық адам тіркеліп, оның 200-ден астамы дәріс алуда. Атыраулықтар 3 күн қатарынан белгілі дизайнерден қолөнердің қыр-сырын меңгеретін болады.
«Бүгінгі дәрістің ерекшелігі — ол ақысыз өтуінде. Шеберлік сағатқа қыз-келіншектерден бастап, үлкендер де қатысуда. Қазір құрақ құраудың технологиясын үйретіп жатырмыз. Одан соң құрақтардан қыз жасауын жасайды. Және үйдегі жыртыс сияқты артық маталардан көрпе тігуді үйретеміз» ,- дейді Ырза Тұрсынзададаның шәкірті Майрагуль Махмутхан.
Еңлік Сұлтан