Жарнама
БілімЖаңалықтар

Ғылым да – бизнестің бір түрі

Мұнайлы өлкеге іссапармен келген Білім және ғылым министрінің орынбасары Асланбек Әмірин өткен сенбі күні Атыраудағы жоғары оқу орындарын аралап, Елбасы Жолдауынан туындайтын міндеттерді атап көрсетті. Ең алдымен, вице-министр мұнай және газ университетінің оқытушы-профессорларымен және Каспий зерттеу институтының ғылыми қызметкерлерімен кездесті.

__ылым да Ц бизнест¦__ б¦р т__р¦

Университет ректоры Әли Әбішев соңғы жылдары кафедралар, зертханалар мен орталықтар ғылыми жобалар жасақтауға үлкен бетбұрыс жасағанын айтты. Қазіргі таңда аталған оқу орны бойынша 42 ғылыми жоба дайындалуда. Соның бірқатары «дөңгелек үстел» барысында таныстырылды.

Университеттің академиялық мәселелер бойынша проректоры Айгүл Майдырова бакалавриат деңгейіндегі дипломдық жұмыстарды ғылыми-зерттеу жобалармен алмастыру жөнінде ұсыныс айтты.

Сондай-ақ, осындай кездесу Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде де ұйымдастырылды. Проректор Гүлжан Жарасова, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, университет профессоры Болат Мұхамбетов және тағы басқа оқытушылар өз жобаларын таныстырды.

Университет базасын аралаған вице-министрдің, әсіресе, әлем тілдері факультетінің жабдықталуына көңілі толды.

— Министрлік қаржыландырудың жаңа ережелерін бекітуде. Яғни, ендігі кезекте ғылымның жобаларын қаржыландырып, оның дамуына тікелей атсалысуы керек. Сондықтан, кез келген жобаға қаржы бөлінбейді. Ең маңыздысы  ғылымды кәсіпкерлік арқылы дамытуымыз керек. Яғни, ғалымдар бизнесті тарту жұмыстарымен айналысуы тиіс. Сондай-ақ, алдағы уақытта ғылыми жобалар тек ағылшын тілінде қорғалатын болады. Біз өз тарапымыздан ұсыныстармен, арнайы оқыту курстарымен, пікірмен қамтамасыз етеміз. Бұл саясатты біз осы жылдан бастап жүзеге асырмақпыз, — деп атап өтті министрлік өкілі.

Сондай-ақ, ол аймақтық жоғары оқу орындары арасындағы байланыстың жоқтығын, жобаларды дайындаудағы қателіктерді, көшірме жобалар көп кездесетінін сынға алды.

— Отандық ғалымдардың жобаларын қаржыландыру ҚР «Ғылым туралы» және «Ғылыми немесе ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру туралы» заңдары негізінде жүзеге асырылады. Өткен жылы министрлік Дүниежүзілік банкпен бірігіп, арнайы жобаны іске асыра бастады. Нәтижесінде 5,4 миллиард теңгені құрайтын 24 жоба іріктелді. Соның ішінде, жеті пайызы кәсіпкерлік тарапынан тартылды, — деген Асланбек Кемеңгерұлы ағымдағы жылдың сәуір айынан бастап 2018-2020 жылдарға арналған ғылыми жобаларды қаржыландыру байқауы жарияланатынын жеткізді. Байқау аясында ғалымдар гранттарға ие бола алады.

Сонымен қатар, ол ғылыми жобалар дайындау кезінде жергілікті жерді толғандыратын мәселелерді қамтуға, әр ғалым бір бағытты таңдауға ұсыныс білдірді.

— Мемлекеттік гранттарды бөлген кезде оның 70 пайызы Алматыға бөлініп кетеді. Бұл – өте өзекті мәселе. Сондықтан, әсіресе, аймақтық жоғары оқу орындары белсенділік танытуы қажет. Сайтқа мән берілмейді. Сұрақ-жауап бетшесін ашып, үнемі жұмыс жүргізіп отырыңыздар. Ендігі кезекте біз де мемлекеттік гранттарды теңестіріп бөлетін боламыз, — деді вице-министр.

Айгүл Ертілеу

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button