Музейдегі пікірсайыс

IMG 1037 24 04 17 12 20 Білім

Атырау облысы тарихи-өлкетану музейі жанынан құрылған «Хиуаз» патриоттық клубының ұйымдастыруымен Халық қаһарманы Хиуаз Доспанованың 95 жылдығына орай мектеп оқушылары арасындағы музей кубогы үшін қалалық пікірсайыс өткізілді.

IMG_1037-24-04-17-12-20

Турнир басталмас бұрын Атырау облысының тарихи-өлкетану мұражайының басшысы Рашида Харипова мен сайысқа қатысушылар Х.Доспанова ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, тағзым етті.

Пікірсайысқа сегіз команда қатысты. Пікірсайыс барысында оқушылар өздерінің тапқырлықтарын, ізденімпаз екендерін, өз ойларын анық жеткізе алатындарын көрсете алды.

IMG_1038-24-04-17-12-20

№31 орта мектеп лицейінің «Ais» фракциясы музей кубогына ие болды. №34 лингвистикалық мектеп-гимназиясынан «Еуразия» командасы екінші және №27 И.Тайманов атындағы орта мектебінің «Исатай жастары» командасы үшінші орынға жайғасты. «Үздік спикер» атағы №34 лингвистикалық мектеп-гимназиясының «Еуразия» командасының спикері – Жұлдыз Нышанбаева иеленді. «Үздік төреші» номинациясы бойынша «Сенатор» пікірсайысы клубының мүшесі Абай Қасымов  марапатталды.

Жеңімпаздарға облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының арнайы дипломдары мен музей кубогы табыс етіліп, барлық қатысушыларға Алғыс хаттар берілді.

Анаргүл МЕРСАДЫҚОВА,

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік

университетінің студенті.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз