Жарнама
Жаңалықтар

Ұялы байланыс қызметі қымбаттады

Елімізде ұялы байланыс құны қымбаттады. Сондай-ақ, ұялы байланыс операторларының қызметтері елдегі бес жылдық құлдыраудан кейін айтарлықтай өсті.

rg-1

Ranking.kz сайтының мәлімдеуінше, төрт ай ішінде операторлар 73,1 млрд. теңгеге қызмет көрсеткен. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 4,3 пайыз артық. Олардың 71% -ы халыққа көрсетілген қызметтер екен.

Сарапшылардың айтуынша, бағалардың және абоненттер санының өсуінен қызметтердің көлемі айтарлықтай артқан.

Биыл көктем айында үш ірі ұялы байланыс операторының екеуі – Tele-2 және Beeline – өз қызметтеріндегі тарифтерді 10% -дан аса көрсеткішке көтерген.

«Абоненттер қызмет құнының қымбаттауына байланысты болды. Абоненттік төлемдердің көбеюінен мобильді интернет-топтаманың өсуі байқалды. Бұрынғы желілік трафикті қалдырғысы келетін қазақстандықтар қазіргі жағдайлар мен бағаларды сақтай алмады»,- деп түсіндірді сарапшылар.

Қазақстанда ағымдағы жылдың сәуір айында 26 миллионнан астам ұялы байланыс абоненттері тіркелді. Өткен жылы бұл көрсеткіш 25,4 миллион болған еді. Олардың 50% -дан астамы ғаламторға кіре алады.

Хорлан Смадияр

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button