Жарнама
ЖаңалықтарСаясатЭкономикаҚоғам

WorldSkills: өз кәсібің жеңіске жетелейді

Астана қаласында «WorldSkills Kazakhstan-2018» IV республикалық кәсіби шеберлік чемпионаты өтті. Еліміздің барлық өңірлерінен келген 350 қатысушы-студенттер өзара бәсекеге түсіп, кәсіби біліктілігін ортаға салды.

Амандык Абдулов (52)

«WorldSkills Kazakhstan-2018» чемпионатының басты мақсаты — жұмысшы кәсіптерінің абыройын арттыру, жас мамандарға еңбек нарығында сұранысқа ие практикалық дағдылар мен жоғары біліктіліктерді алу мүмкіндігін беру.

Республикалық чемпионат жүлдегерлерін Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев марапаттады. Жарысқа Атырау облысынан қатынасқан 18 студент үш алтын медальды қоржынға салды.

«Сырлау және сәндік жұмыстары» сайысында Атырау энергетика және құрылыс колледжінің студенті  Аян Сисенов, «Шаштараз өнері» бойынша Атырау сервис колледжінің түлегі Назгүл  Нұрмұханова, «Дәнекерлеу технологиясы» бойынша Атырау индустриалды колледжінің түлегі  Жанарыс Элипбаев жеңімпаз атанды.

апек (9)

Сайыс кезінде жоғары балл жинаған студенттер арнайы медальондарға қол жеткізді. Олар – «CAD инженерлік графика» бойынша С.Мұқашев атындағы политехникалық жоғары колледжінің студенті  Құралай  Сарғалиева, «Наубайхана ісі» бойынша Атырау сервис колледжінің студенті Айдана  Жиенбекова, «Кірпіш қалау» және «Плиткамен қаптау» бойынша Атырау энергетика және құрылыс колледжінің студенттері Иманғали  Мұратов пен Ахмет  Жұмажанұлы.

Алтын медаль иегерлері биыл Ресейдің  Қазан қаласында  өтетін «WorldSkills Kazan-2019» 45-ші әлемдік кәсіби шеберлік чемпионатында еліміздің намысын қорғайтын болды.

апек (8)

*Сіз не дейсіз?

Аян Сисенов,

«Сырлау және сәндік жұмыстар» бойынша Атырау энергетика және құрылыс колледжінің студенті, алтын медаль иегері:

− Чемпионат өте жоғары деңгейде өтті. Атыраудың атынан барғандықтан, үлкен жауапкершілікті сезіндім. Нәтижесі – алтын қолда, өте қуаныштымын. Маған сенген жетекшімнің, оқу орнымның сенімін ақтадым. Бұл шараның өтуі жастарға үлкен мүмкіндік. Біліктіліктерін арттыруға, тәжірбие жинақтауға көмектеседі. Қазіргі таңда әлем чемпионатына  дайындалудамын.

 

Назгүл Нұрмұханова, 

«Шаштараз өнері» бойынша Атырау сервис колледжінің түлегі,  алтын медаль иегері:

−  Үміт ақталды, жеңіс қолда! Әрине, таза еңбекпен  жеңіс шыңына шықтым. Қобалжу, ұйқысыз түндер өтті. Бастысы шеберлілік, шапшаңдық, ептілікті назарға алды. Сегіз модульден сүрінбей өттім. Бұл менің алдағы еңбек жолыма үлкен тәжірибе болды.

 

Айдана Жиенбекова,

«Наубайхана ісі» бойынша Атырау сервис колледжінің студенті, медальон иегері:

− Чемпионат үш модульден тұрды. Асқан жауапкершілікпен жұмыс жасадым.  Қиындықтар, қобалжулар болды. Қамырдан Астана қаласындағы «Пирамида» мүсінін жасадым. Еңбегім еленді, тәжірибе жинақтадым. Жалпы чемпионаттан алған әсерім тамаша!

Өз тілшіміз.

Суреттерді түсірген: Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button