Жаңалықтар
WhatsApp ең пайдалы функциясын өзгертті
WhatsApp құрастырушылары хабарламаларды өшіретін функцияға өзгеріс енгізді, — деп хабарлайды MSPoweruser.
Жаңартылған WhatsApp нұсқасын қазір де көшіріп алуға болады.
Бұған дейін WhatsApp-та жіберілген хатты сегіз жарым минут өтпестен өшіруге болатын еді. Енді құрылғыдан хабарлама жіберілгеннен кейін бір сағат сегіз минут өтпестен өшіре аламыз.
Айта кетсек, бұл мессенджерде хабарламаны өшіру мүмкіндігі 2017 жылдың күзінде пайда болғанымен, хабарламаларды сақтаудың жолы табылған.
Хорлан СМАДИЯР