Жаңалықтар
Волонтер жылына орай, Атырауда «Біргеміз» жобасы іске асады
Atr.kz/19 ақпан, 2020 жыл. Атырауда волонтерлар фронт кеңсесінің филиалы ашылады. Бұл туралы тұрғындарға есеп беру жиынында Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов айтты.
Сонымен бірге, волонтер жылына орай, «Біргеміз» жобасы іске асады.
Аталмыш жоба аясында бірнеше бағыттағы қайырымдылық жұмыстар жасаладыдеп күтілуде.
Еске сала кетелік, биылғы жылды Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Волонтер жылы» деп жариялаған болатын. Енді волонтерлық еңбек өтілі болып саналады.
Амандық АБДОЛОВ