
ЖаңалықтарҚоғам
Волейбол ойнап, өгіз ұтып алыңыз!
Құрбан айт мейрамының құрметіне орай, орталық «Иманғали» мешітінің ұйымдастыруымен айттың үшінші күні, яғни, 3-ші қыркүйекте волейболдан жарыс өткізіледі. Жеңімпаз команда бас жүлдеге тігілген өгізге ие болады.
– Бұл дүбірлі дода «Нұрсая» спорт кешенінде 3-ші қыркүйек күні өтеді. Оған қаламыздағы 6 мешіттің волейбол ойнайтын жамағаттары қатыса алады. Жеңімпаз командағы елміздің бас мүфтиі Ержан қажы Малғажыұлының атынан өгіз сыйға беріледі. Әрине, оны жеңіп алған команда халықтың игілігіне, мұқтаж жандарға үлестіретін болады, – деп атап өтті Батыржан Мансұров бізбен әңгімесінде.
Нұрсұлтан ЕРТУҒАНҰЛЫ
Суреттерді түсірген: Ерлан АЛТЫБАЕВ.