Жарнама
Жаңалықтар

Вобла аулауға толық тыйым салынды

Көршілес Ресейдің Астрахан облысында вобла балығын аулауға кем дегенде бір жылға толық тыйым салынды. Ресей Ауыл шаруашылығы министрлігі 2025 жылдың 1 қаңтарынан 31 желтоқсанына дейін вобла аулауға толық шектеу енгізу туралы бұйрық жариялады. Бұл тыйым Астрахан облысы мен Калмыкия аймағындағы (Цаган-Аман) барлық балықшыға – кәсіби де, әуесқой да балық аулаушыларға қатысты. Бірде-бір вобла аулауға болмайды.

Arbuztoday.ru ақпараттық ресурсындағы мәліметі бойынша, плотво балығын аулауға да шектеу қойылды, бірақ бұл тек Икрянин, Камызяк, Володар, Лиман, Қызылжар, Нариман және Приволжск аудандарында ғана қолданылады.

Әзірге вобланы Дағыстан мен Волгоградта аулауға болады, бірақ ведомство бұл өңірлерде де тыйым салуды қарастыруда.

Мұндай қатаң шаралар вобла популяциясының күрт азаюына байланысты қабылданған. Өткен ғасырда Астрахан облысындағы вобла қоры жүздеген есе төмендеген. Мысалы, 1930 жылы бұл аймақта 240 мың тонна вобла ауланған болса, 2023 жылы бұл көрсеткіш небәрі 800 тонна болды. Оның негізгі себептері – бақылаусыз балық аулау мен тұрақты су тасқыны мәселелері.

Сарапшылардың пікірінше, Астрахан облысының символдарының бірі болып саналатын вобла популяциясын қалпына келтіру үшін кемінде бес жыл қажет. Сондықтан бұл шектеулер одан әрі жалғасуы мүмкін.

Сурет: arbuztoday.ru

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button