Атырауда үздік дене шынықтыру мұғалімі анықталды

img 20201211 wa0000 Жаңалықтар

Жуырда Атырауда орта мектептерде дене тәрбиесі пәнінен сабақ беретін мұғалімдер арасында «Үздік дене тәрбиесі мұғалімі – 2020» облыстық онлайн байқауы болып өтті.

Оқытушылардың ақпараттық-коммуникативтік технологияны меңгеру деңгейін
айқындау мақсатында ұйымдастырылған сайысқа аймағымыздың әр өңірінен келген 8 мұғалім қатысты. Олар бірінші кезеңде біліктілік тестілеуден өтіп, оқыту әдістемесі бойынша сұрақтарға жауап берсе, екінші сында – «Мен қазіргі заман педагогымын!» , үшіншісінде – «Авторлық бағдарлама» понарамалық сабақтарын өткізді. Дәріс барысында олар жаңа инновацияны қолдану жолдарын көрсетті. Төртінші бөлімде баскетбол, волейбол, футбол, қол добы, жеңіл атлетика, гимнастика, ұлттық ойындарда жасалатын қимыл-қозғалыс дағдыларына тәжірибелік көрсетілім жасады.
Байқау қорытындысында «Үздік мұғалім» аталымы Исатай ауданындағы Х. Наубетов атындағы орта мектептің мұғалімі Орынгүл Санатоваға табысталды. Ал, екінші жүлде Индер ауданындағы Қ.Абаханов атындағы орта мектептің оқытушысы Ақерке Фазыловаға бұйырды. Жүлделі үшінші орынды Құрманғазы ауданындағы Абай атындағы орта мектеп мұғалімі Данагүл Рахымғалиева иеленді.
Байқаудың жеңімпаздары «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Атырау облыстық ұйымы» ҚБ сыйлығымен және Атырау облыстық білім басқармасы Атырау аймақтық дене тәрбиесі және спортты дамыту орталығының медаль, дипломдарымен марапатталды.

                                    Алтын ҒАБИТҚЫЗЫ,                                Атырау аймақтық дене тәрбиесі және спортты дамыту орталығының бас маманы

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз