Жарнама
Жаңалықтар

ВИДЕО: Ноғаев жеті ханның сүйегі жатқан Сарайшықты қалпына келтіріп жатыр

Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевтың бастамасымен көне Сарайшық шаһарының орнын сақтап қалу жұмыстары басталды.

IMG_5565

Осы мақсатта қазір Жайық жағасын бекіту жүріп жатыр. Айта кетелік, көне қаланың орнын Жайық суы шайып бара жатқаны көптен бері мәлім.

IMG_5567

Қалашық маңындағы өзеннің ұзындығы шамамен 1 шақырым. Жағаны бекіту жұмыстары 2018 жылы аяқталады деп жоспарланып отыр.

IMG_5564

Облыс әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, әкімдік мұнда туристік орталық салу үшін жеке кәсіпкерлерді серіктестік орнатуға шақырып отыр.

Жібек жолы

Көне Сарайшық қаласы Атырау қаласынан 45 шақырым жерде Жайық өзенінің жағасында орналасқан. Жібек жолының бойында тұрған мұнда 7 хан жерленген. Олар: Мөңке, Тоқтағу, Жәнібек, Әмір Оқас, Қасым хан, Ших Мамай және Жүсіп хандар.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button