Атырауда жыл соңына дейін көпқабатты 10 үй қолданысқа беріледі

rttghghhhhghg 870x400 1 Жаңалықтар

Өңірде көпқабатты 52 тұрғын үй салынып жатыр. Бұл туралы аймақ басшысы Серік Шәпкенов ОКҚ мәлімдеді.

– Халықты қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету – аса маңызды әлеуметтік міндет. Қазіргі таңда облыс бойынша тұрғын үйге мұқтаж кезекте тұрған азаматтардың саны –  29 437. Қазіргі таңда облыста көпқабатты 52 тұрғын үй салынып жатыр. Мұнда бас-аяғы 3 382 пәтер болады. Олардың  жалпы ауданы – 300 мың шаршы метрге жуық, – деді облыс әкімі.

Сонымен қатар, аймақта жыл аяғына дейін 944 отбасыға шақталған көпқабатты 10 тұрғын үй пайдалануға беріледі.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз