Жарнама
Жаңалықтар

Вице-премьер Атырау облысының тасқынға қарсы жұмыстарымен танысты

Атырау облысына жұмыс сапары аясында Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Қанат Бозымбаев Жылыой және Қызылқоға аудандарындағы тасқынға қарсы іс-шаралармен танысты.

img 2169

Жылыой ауданы тасқын қаупі жоғары аймақ саналады, негізгі қауіп — 212 км құрайтын Жем өзенінен. Атырау облысының әкімі Серік Шәпкеновтің мәліметінше, Құлсары қаласы мен оған іргелес аумақтарды қорғау үшін жалпы ұзындығы 65 шақырым қорғаныс бөгеті салынуда, оған 136 бірлік арнайы техника жұмылдырылды. Тасқын судың негізгі көлемі Жем өзенінің терең арнасы арқылы өтеді. Құлсары қаласындағы жағдай күнделікті бақылауда, әзірге ахуал тұрақты.

img 2167

Жылыойдағы Жем және Қараарна ауылдық округтері де ерекше бақылауда тұр. Қанат Бозымбаев Тұрғызба және Шоқпартоғай елді мекендеріне барып, жаға бекіту жұмыстарымен танысты. Сондай-ақ Жем өзені мен Құрсай арнасында жүріп жатқан түп тереңдету жұмыстарын қарады. Мұнда ұзындығы 95 км (Жем — 48,9 км, Құрсай-46,1 км) түп тереңдету жұмыстары жүргізілуде. Бүгінде Жем өзенінің арнасын тереңдету жұмыстары аяқталды.

img 2175

Жылыой ауданында тасқынға қарсы жұмыстарға 255 бірлік техника жұмылдырылды, негізгі учаскелерде тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды. Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаментінің, Атырау және Ақтөбе облыстарының қорғаныс министрлігі бөлімшелерінің күштері мен құралдары, сондай-ақ Атырау облысының полиция департаментінің қызметкерлері тартылды.

img 2172

Осыдан кейін вице-премьер Атырау облысы Қызылқоға ауданы Миялы ауылына барып, Сағыз ауылындағы жаға бекіту жұмыстарын тексерді. Тасқын кезінде Қызылқоға ауданы арқылы Ноғайты, Ойыл және Сағыз өзендері ағып өтеді. Тасқынның алдын алу шаралары шеңберінде 54 км бөгет нығайтылып, 8 км өзен арнасы тазартылып, түп тереңдету жұмыстары жүргізілді.

img 2174

Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында облыс әкімдігіне төтенше жағдайлардың алдын алуға және жоюға бағытталған іс-шараларды аяқтау, су тасқынының жоғары деңгейі өткенге дейін қауіпті учаскелерде тәулік бойы жұмыс істеуді жалғастыру және халықты күн сайын ақпараттандыру тапсырылды.

img 2176

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button