Ветеринария мен ихтиология саласына жоғары білікті мамандар қажет (+ФОТО)

50549125 623595208075149 953611223658659840 o Жаңалықтар

Аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев облысқа ветеринария және ихтиология саласында жоғары білікті мамандарды тартуды тапсырды.

50549125_623595208075149_953611223658659840_o(1)

Қызылқоға ауданындағы ауылшаруашылығын дамыту мәселелері бойынша өткен көшпелі жиында облыс әкімі жауапты қызметкерлерге бірқатар нақты тапсырмалар берді, деп xабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі. Аймақта ветеринария тақырыбын талқылау барысында Нұрлан Ноғаев аймақтағы ветеринария және ихтиология саласындағы жоғары білікті мамандарды тарту мәселесін қарастыруды тапсырды.

50976873_623595194741817_5085956059806302208_o

– Ветеринария бөлімі өте жақсы жұмыс істейді, Қазақстанда тұңғыш рет бізде тіркелген экзотикалық ауру нодулярлы дерматитті еске түсіріңіздер. Біздің ветеринарлар тиімді жұмыс істеді. Бірақ сіздердің қазіргі жұмыстарыңыз туралы шағымдар бар, жақсы мамандар қажет. Балық жағдайына да қатысты – бұл жағдай алғаш рет орын алды. Ия, қазіргі уақытта су тоғанын өлген балықтардан тазарту бойынша жұмыстар жүргізілді, балық өнімдерін сату нүктелері де бақылауда, Жайық өзенінің жай-күйі үнемі қадағаланып отырады, құқық қорғау органдары ластау себебін тексеру және кінәлілерді анықтауға жауапты. Алайда, бұл біз үшін дабыл болуы тиіс – болашақта бұл жағдайдың алдын алу үшін бізге сыртқы көмек қажет, біз жоғары білікті мамандарды осы салаларға тартуға тиіспіз », – дейді Нұрлан Ноғаев. – Өз тарапымыздан жергілікті атқарушы органдар жұмыспен, тұрғын үймен қамтамасыз етеді. Біздің облыстың табиғи шаруашылығы құнды, біз оларды сақтау үшін барлық жағдай жасауымыз қажет.  51286666_623595198075150_2065367296389414912_o

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз