V ШАҚЫРЫЛҒАН АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ШЕШІМІ
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабы 1 тармағының 12-1 тармақшасына, Атырау облыстық мәслихатының 2009 жылғы 16 қазандағы №250-IV шешімімен бекітілген «Облыстың (қаланың, ауданның) Құрметті азаматы» атағын беру қағидасын бекіту туралы шешіміне сәйкес, Атырау облысы әкімінің 2015 жылғы 6 қарашадағы №01-01-1/9034 ұсынысын қарап, V шақырылған облыстық мәслихат кезектен тыс ХХХV сессиясында ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Атырау облысының дамуына зор үлес қосқан Мақашев Нұрпейіс Мақашұлына «Атырау облысының Құрметті азаматы» атағы берілсін.
2. Осы шешім бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.
Сессия төрайымы Г.Садуахасова
Мәслихат хатшысы С.Лұқпанов