ҰЯТТАН БЕЗГЕНДЕР КӨБЕЙІП БАРАДЫ…
Atr.kz/27 қаңтар, 2020 жыл. Қазір еңбектеген бала мен еңкейген қарияға дейінгі жанның бар ермегі – қолындағы телефоны. Смартфондардың түрі бар. Бірақ, оны ұстаушылардың дені әлеуметтік желіге кіріп, қызық қарағанды ұнатады. Ал, сол қызықтың ішінде не жоқ дейсіз, бәрі бар-ау!
Мені таңқалдыратыны – көпшіліктің, соның ішінде, оған өресі жетпейтіндердің де саясатқа араласып, аузына келгенін соғатыны. Олардың бөспесін оқып отырып, жаныңнан түңілесің. Мұндай алып
қашпа, арандату бағытындағы жеңіл хабар-ошарлар мен пікірлердің кімге қажеті бар?! Әсіресе, елге танымал азаматтарды әлеуметтік желідегі миллиондаған адамның алдында балағаттап, оларға қарсы айтуға ауыз бармайтын әрекеттер жасаудың өзі ұят емес пе?!
Мен Қазақстанның азаматшасы, үш ұлдың анасы, немерелерімнің әжесі ретінде осындайдың бәріне қарсымын. Себебі, біз өшер елдің емес, өсер елдің баласы болып, бірбірімізді батыр деуіміз керек. Міне, сонда ғана жат жанынан түңіледі. Жақында тағы бір өрескел
бейнекөріністі көзім шалды.
Ақылойы толысқан ересек кісі (әрине, өзі көрінбейді) кішкене ер баладан «папаң не істеді?», «сосын мамаң не деді?» деп, әлгі баладан ерлізайыпты адамдардың «түнгі ісін» барын сала талқылайды. Онымен қоймай, «қане-қане, көрсетші!..» дейді. Масқара! Біздің ерлерге осыдан басқа жұмыс қалмады ма? Ақыры бос уақыты бар екен, онда әлгі балаға үлгі аларлық ертегіаңыздар айтып бермей ме?!
Нұрыш САҒЫНҒАЛИЕВА,
Құлсары қаласының тұрғыны,
Жылыой ауданы