Жаңалықтар
Утиль алым бойынша петицияны қарайтын жұмыс тобы құрылды
Еліміздің Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі тиісті заңдылық негізінде утиль алым бойынша петицияны қарайтын жұмыс тобының құрамын бекітті.
ҚазАқпарат агенттігі таратқан мәліметке сүйенсек, аталған ведомствоның жұмыс тобының құрамына Парламент депутаттары, Өнеркәсіп және құрылыс, Экология және табиғи ресурстар, Қаржы, Ауыл шаруашылығы, Цифрлық даму, Инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі, Мәдениет және ақпарат вице-министрлері, Сыртқы істер министрінің орынбасары, басқа да мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері кірді. Сонымен қатар, топ құрамына петицияның бастамашысы, бірқатар қоғамдық бірлестіктердің, сарапшылық қоғамдастықтың және өнеркәсіп секторының өкілдері де қосылды.
Сурет: редакция мұрағатынан