
UTEBAYEV UNIVERSITY кітапханасында “МегаПро” жүйесі іске қосылды
UTEBAYEV UNIVERSITY ғылыми кітапханасы электрондық қызметтерді жаңғырту жұмыстарын сәтті аяқтап, жаңа автоматтандырылған интеграцияланған кітапхана жүйесі – “МегаПро” платформасын енгізді.

Жаңа жүйе білім алушылар мен оқытушыларға ақпараттық ресурстарды тиімді әрі жылдам пайдалануға мүмкіндік береді. Оның негізгі артықшылықтары — электронды каталогтар мен деректер қорына жедел қол жеткізу, іздеу мүмкіндіктерінің жеңілдетілуі, қашықтықтан пайдалану қызметі, оқу үдерісін қолдайтын инновациялық сервистер.

-МегаПро жүйесінің енгізілуі – университеттің білім мен ғылымдағы сапаны арттыруға бағытталған стратегиялық қадамдарының бірі. Осы жаңғырту нәтижесінде кітапхана заманауи талапқа сай толыққанды электрондық орталыққа айналып отыр», – деп атап өтті UTEBAYEV UNIVERSITY ғылыми кітапханасының директоры Алмагүл Амангелдіқызы.

Айта кетейік, соңғы жылдары университет кітапханасы толық жаңғыртылып, студенттерге әлемдегі ірі кітапханалардың электронды сақтау қоры қолжетімді болды.