Мұғалімдер мерекесі қарсаңында «Цифрлы ұстаз» байқауы өтеді

whatsapp image 2021 09 09 at 19.22.06 Жаңалықтар

Атырау облысы әкімдігінің қолдауымен қазан айының бірінші жексенбісі – Ұстаздар күніне орай облыстағы барлық білім беру мекемелерінің педагогикалық қызметкерлері арасында «Атырау-Ақпарат» медиахолдингі «Цифрлы ұстаз» байқауын ұйымдастырады, деп хабарлайды atr.kz

Ұйымдастырушылардың айтуынша, байқаудың мақсаты – білім мен тәрбие сапасын арттыру, мұғалімдердің озық тәжірибесін насихаттау, жаңашыл мұғалімдерді анықтау және ынталандыру.

Қатысушыларға қойылатын талаптар:

-Бейнеролик түсіру (білім беру мен тәрбие ісінің тың тәсілдері, т.б.). Ұзақтығы – 1 минутқа дейін;

-Қатысушы бейнероликті Facebook, Instagram парақшаларында 2021 жылғы 10-30 қыркүйек аралығында #atyraupedagogkonkurs хэштегімен жариялау;

-Қатысушы «Атырау газеті», «Прикаспийская коммуна» (Facebook), @atyrau_gazeti.kz, @pricom.kz (Instagram) парақшаларының тіркелушісі болуы;

-Қатысушының облыстық «ATYRAY`», «Прикаспийская коммуна» газеттерінің біріне 2022 жылға жазылғаны туралы түбіртегі (квитанция) болуы;

  • Материалдар қазақ және орыс тілдерінде қабылданып, үздік жұмыстар облыстық газеттер сайттарында жарияланады.

Ескерту:

whatsapp image 2021 09 09 at 19.22.05

Жеңімпаздар әлеуметтік желідегі рейтингі (көрілім, лүпіл, бөлісуі көп) және мазмұнының тереңдігі бойынша арнайы комиссия шешімімен анықталады;

Жеңімпаздың облыстық газеттердің әлеуметтік парақшаларындағы белсенділігі ескеріледі;

Жарнамалық сипаттағы және тақырыпқа сәйкес келмейтін бейнероликтер қабылданбайды.

Байқау қазан айының бірінші жексенбісі – Ұстаздар күні қарсаңында қорытындыланады.

І орын – ноутбук;

ІІ орын – планшет;

ІІІ орын – смартфон.

Үздіктер арнайы дипломдармен марапатталады.

Анықтама телефондары: +7 707 218 18 69, +7 7122 458 650.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз