Жарнама
Жаңалықтар

UTEBAYEV UNIVERSITY-де «Тұлға және тағылым» жобасы басталды

UTEBAYEV UNIVERSITY студенттері «Тұлға және тағылым» жобасы аясында көрнекті ғалым, геолог Балтабек Қуандықовпен кездесу өткізді. Іс-шара студенттерге кәсіби тәжірибе мен білім алуға, сондай-ақ өз саласында танымал мамандардың тәжірибесімен бөлісуге арналған. Бұл туралы білім ордасының баспасөз қызметі хабарлады.

img 8602

Балтабек Мұқанұлы — көрнекті ғалым, Қазақстан мұнайшы-геологтар қоғамының президенті, геология-минералогия ғылымдарының докторы, еліміздегі Қарашығанақ, Кенбай, Имашев, Жаңажол, Әлібекмола, Арман сияқты ірі мұнай-газ кен орындарын ашуға атсалысқан мұнайшы, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері. Отандық мұнай-газ саласына сүбелі үлес қосқан көрнекті ғалым. 10 монография мен 80-нен астам ғылыми мақаланың авторы. Балтабек Қуандықов геология саласындағы зерттеулерімен және еңбектерімен танымал.

img 8600

Кездесу барысында геологиялық зерттеулердің маңыздылығы, мұнай-газ өнеркәсібіндегі инновациялар және экологиялық мәселелер талқыланды. Кеш қонағы кәсіби жолының бастауынан бастап, қазіргі күнге дейінгі тәжірибесімен бөлісті. Геология саласындағы қиындықтар мен жетістіктер, сондай-ақ мұнай және газ өнеркәсібіндегі инновациялық трендтер туралы айтты.

«Тұлға және тағылым» жобасы білім беру процесінде тұлғалық дамудың маңыздылығын көрсетеді. Кездесу барысында студенттер ғалымға мұнай және газ саласының болашағы, геологиялық зерттеулердің жаңа әдістері және кәсіби дамудың қиындықтары туралы сұрақтар қойды.

img 8603

Балтабек Мұханұлы Атырау мұнай және газ университетінің студенттеріне, «Тұлға және тағылым» жобасын ұйымдастырушыларға ризашылығын білдіріп, студенттердің белсенділігін, қызығушылығын және кәсіби дамуға деген ұмтылысын жоғары бағалады.
Сонымен қатар, ғалымның жаңа кітаптарының таныстырылымы өтті.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button