Жарнама
Жаңалықтар

UTEBAEV UNIVERSITY студенттері Астанада жасанды интеллект арқылы экожобалар ұсынды

Астана қаласында өткен «Таза Қазақстан» экологиялық фестивалі еліміздің жасыл болашағына жауапкершілікпен қарайтын жастардың басын қосты. Эко-мәдениетті насихаттап, жаңа идеялар мен бастамаларды қолдауға бағытталған фестиваль аясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің әр өңірінен келген жас көшбасшылармен кездесті.

59260717 db47 4649 bd6a 8b6393c91716

Мемлекет басшысы қатысқан іс-шарада UTEBAEV UNIVERSITY-де жуырда ашылған AI-HUB жасанды интеллект орталығының мүшелері Әлия Кұсманова, Сағадат Әміржанов, Нұрайна Сәрсенбаева, Максим Топильский және Мирас Егеубай экологиялық жобаларын таныстырды. Жас зерттеушілер ұсынған жобалар қоршаған ортаны қорғау бағытындағы тың технологиялық шешімдерге негізделген. Атап айтқанда, қалдықтарды тиімді басқару, климаттық деректерді сараптау, ауа мен су сапасын бақылау, сондай-ақ экологиялық тәуекелдерді алдын ала болжау секілді маңызды мәселелерге назар аударылды.

AI-HUB жастарының бұл бастамалары білімді, креативті көзқарас пен технологияға деген қызығушылықты ел болашағы жолында тиімді пайдаланудың үлгісі.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button