
UTEBAEV UNIVERSITY Наурыз мерекесін айрықша тойлады
Жыл басы – жасампаз Наурыз мейрамын UTEBAEV UNIVERSITY ұжымы да қуанышпен қарсы алды. Университетте «Нұр себеле, ұлыстың ұлы күні» атты іс-шара өті. Мерекелік бағдарлама қазақ халқының бай мәдени мұрасын көрсеткен қойылымдармен басталып, әр факультет өз өнерін ортаға салды. Ұлттық болмысымызды айшықтайтын сахналық қойылымдар дәстүр мен жаңашылдықты ұштастырып, рухани құндылықтарымызды дәріптеді. Университет ұжымы мен студенттері ұлттық ойындарға қатысып, наурыз көжеден дәм татты.

Университет ректоры Гүлзада Шакуликова Әз-Наурыз мейрамы табиғаттың жаңаруының белгісі ғана емес, халықтың рухани бірлігін, салт-дәстүрді сақтау мен болашаққа үмітпен қадам басу сәті екенін атап өтті.

Мерекелік іс-шарада профессор-оқытушылар мен студенттердің қолөнер және зергерлік бұйымдар көрмесі көпшілік назарына ұсынылды.

