1913 d 850

Мақатта жыл соңына дейін 60 пәтерлік екі үй қолданысқа беріледі

Жаңалықтар
9 / 100

Қазір ауданда құрылыс жұмыстары қарқын алуда, деп хабарлайды Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі.

Атап айтқанда, Мақат кентінде салынып жатқан үш қатарлы 60 пәтерлік екі тұрғын үй жыл соңына дейін пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Сондай-ақ, 2019 жылы басталған көпсалалы спорт кешені де осы айдың аяғында салынып бітеді. Доссор кентіндегі Әмірхан Мантаев көшесіндегі аллея қайта жаңғыртылады.

​ – Доссор кентінен демеушілікпен үш қатарлы 60 пәтерлі​ тұрғын үй бой көтермек. Осындағы М.Өтемісұлы, Ш.Еркешов көшелерінің қиылысы абаттандырылып, субұрқақ құрылысы басталады. Мақат кентіндегі Газшылар ықшамауданына спорттық алаңша құрылысы қолға алынбақ. Доссор кентішілік 5,8 шақырым автокөлік және 3,4 шақырым жаяу жүргінші жолдарын күрделі жөндеу аясында Н.Құсайынов, Х.Исаков көшелерінде Б.Қанатбаев мектебіне дейін жол төселеді. Аталған кенттен 24 шақырым кентішілік автокөлік жолдары салынады. Сол сияқты, осындағы М.Өтемісұлы, Ш.Еркешов, О.Шарымов көшелерінде 4,3 шақырымдық​ жаяу жүргіншілер жолы болады» деді Ш.Кейкин.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған