Жарнама
Жаңалықтар

UTEBAEV UNIVERSITY-де оқу-зертханалық кешен ашылды

UTEBAEV UNIVERSITY студенттері үшін «Даларо/Оверсиз/Лимитед» ЖШС әзірлеген бірегей «РЕТОМ-51» оқу-зертханалық кешені таныстырылды. Бұл туралы аталған оқу орнының баспасөз қызметі хабарлады.

Электрмен жабдықтау және қауіпсіздік жүйелері саласында кешенді инженерлік шешімдер ұсынатын бұл компания заманауи энергетика талаптарына сай кадрларды даярлауға өз үлесін қосып отыр.

«РЕТОМ-51» кешенін оқу үдерісіне енгізу – студенттердің энергетика саласында қолданылатын заманауи құрылғылармен жұмыс істеу машықтарын меңгеруіне мүмкіндік береді.

Кешеннің әзірлеушісі, «Даларо/Оверсиз/Лимитед» ЖШС-нің инновациялық даму жөніндегі бас директордың орынбасары Ерлан Ахметов, мұндай бастамалар студенттерге теориямен қатар өндірісте сұранысқа ие нақты практикалық дағдыларды игеруге жол ашатынын атап өтті.

UTEBAEV UNIVERSITY ректоры Гүлзада Шакуликованың айтуынша, университеттегі оқыту үдерісі нақты өндірістік ортаға жақын кәсіби кеңістікті қалыптастыруға бағытталған. Бұл – саланың цифрлық және технологиялық трансформациясына бейімделген білікті мамандар даярлаудың негізгі тетігі.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button