Жарнама
Жаңалықтар

Ұстаздар түсті сайысқа!

Атырауда техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасында мұнай-газ саласындағы кәсіби шеберліктің V республикалық конкурсы басталды. Байқауға еліміздің түкпір-түкпірінде орналасқан 10 колледжден 11 үміткер қатысып, бақ сынайды. Бүгін APEC Petro Technik  жоғары колледжінде білім додасы салтанатты жағдайда ашылды.

Биыл «жұмысшы мамандықтары жылы» болып жариялануына байланысты бесінші мәрте ұйымдастырылған республикалық байқаудың маңызы ерекше. Оның үстіне, мұндай байқаулар білім беру саласындағы үздіктерді анықтап, оларды марапаттап қана қоймай, мұнай-газ секілді нақты салалардағы дағдыларды жетілдіруге мүмкіндік бермек. Бұл оларға кәсіби тұрғыдан өсуге, жаңа әдістер мен технологияларды ұдайы жаңартып отыруға септігін тигізеді.   

 –Мұнай-газ секторының елімізде орны айрықша. Байқауда бақ сынайтын әріптестеріміз болашақта осы саланың тізгінін ұстайтын мамандарды даярлайды. Демек, олардың да біліктілігі мен тәжірибесі болуы маңызды. Жаһандану дәуірінде техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының ұстаздарына зор жауапкершілік жүктеледі. Соңғы жылдары ізденімпаз, көшбасшы педагогтердің қатары көбейп келе жатқанына куәміз. Сіздердің еңбектеріңіздің арқасында мұнай-газ саласы әрі қарай да дами беретініне сенімдімін. Бұл жолы қатысушылардың еңбектеріне әділ баға беріп, үздіктерді анықтау үшін тәуелсіз сарапшылар шақырылды. Баршаңызға сәттілік тілеймін, — дейді облыстық білім беру басқармасының бөлім басшысы Айнагүл Жұмағазиева.

Республикалық деңгейдегі сайыста бағын сынауға келгендердің бірі – Маңғыстау облысы, Бейнеу политехникалық колледжінің арнайы пән оқытушысы Ару Орамалова. Ол мұнай-газ саласында өндіру, пайдалану бағыты бойынша байқауға қатысады. Ұстаздық қызметте 11 жылдық еңбек өтілі бар маман ұстаздар арасындағы жарыстардың білім шыңдауға үлес қосатынын атап айтты. «Сайыс кезінде әріптестерімізбен танысып, тәжірибе алмасамыз»,-дейді ол.

Айбөпе САБЫРОВА

Суреттерді түсірген Әнуар ӘБІЛҒАЗИЕВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button