Үштаған ауылында ұялы телефон және ғаламтор желісі іске қосылды

unnamed file 11 Жаңалықтар

«Құрманғазы ауданындағы Үштаған  ауылында ұялы телефон байланысы, ғаламтор желісі іске қосылды» деп хабарлайды Atr.kz Атырау облыстық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Қазіргі таңда ауылға қосылған актив ұялы байланыс желісі қалыпты режимде жұмыс істеп тұр.

Десе де, үштағандық оқушылардың мектепте штаттық режимде оқып жатқанын атап өтуіміз керек.

«Үштағанда оқушылар 11 сыныпқа дейін оқиды. Мұндағы оқушылар саны 180-ге толмайтын болғандықтан, шағын комплектілі мектепке жатады. Өткен жылдың қыркүйек айынан бері оқушылар мектепте офлайн форматта білім алуда» дейді Құрманғазы аудандық білім бөлімінің басшысы Гүлфара Өтемісқызы.

Еске сала кетелік, Үштаған ауылы Құрманғазы ауданындағы Асан ауылдық округінің құрамына кіреді. Қазіргі таңда ауылдағы халық саны 712 адамды құрайды.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз