Үшеуі жүкті: Атырауда бүгін коронавирус инфекциясымен 18 адам тіркелді

1 19 COVID-19: Соңғы поштадан...

Аtr.kz/9 мамыр, 2020 жыл. Атырауда Covid-19 инфекциясын жұқтырған 18 адам тіркелді.

«Осылайша, аймақта Covid-19 коронавирустық инфекциясымен тіркелген адамдар саны 290 адамға жетті» деп хабарлайды Атырау облысында Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі шұғыл штаб.

Штабтың хабарлауынша, 15 науқас Теңіз кенішіндегі мердігер компаниялардың жұмысшылары. Олар 1983, 1990,  1985,  1972,  1972,  1986,  1967,  1974,  1999,  1975 жылы туған ер адамдар жəне 1970,  1975,  1994,  1985,  1969 жылғы əйел адамдар.

Ал, үш науқас Атырау облыстық перинаталдық орталығының пациенттері. Олар 1991, 1995, 1989 жылғы əйел адамдар.

Соvid-19  инфекциясы анықталғанға дейін, Теңіз кенішіндегі жұмысшылар карантиндік стационарда науқаспен байланыста болғаны себепті оқшауланған еді. Олардан алынған зертханалық сынамалар, ПЦР зерттеулер коронавирустық инфекцияны растады.

– Жүкті əйелдермен байланыста болғандар ортасы анықталуда. Науқастар инфекциондық стационарға жатқызылды, – деп нақтылады Шұғыл штаб.

Қазіргі таңда науқастардың жағдайы қанағаттанарлық, бекітілген хаттамаға сəйкес, бірегей ем-шара қабылдауда.

9 мамыр күнгі жағдайға сəйкес, Атырау облысында коронавирустық инфекциясы  расталған адам саны – 290. 86 адам сауығып шықты.

Баян ЖАНҰЗАҚОВА

http://atr.kz/bez-rubriki/atyrauda-zhenistin-75-zhyldygyna-oraj-tagzym-alleяsy-ashyldy-foto/
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз