Үш өңірде 8 трасса жабылды
Екпінді жел мен қатты жаңбыр салдарынан еліміздің 3 өңіріндегі 8 жол учаскесінде жол қозғалысына шектеу енгізілді. Кazinform бұл туралы QazAvtoJol компаниясына сілтеме жасап хабарлайды.
Ақмола облысында:
«Қостанай – Әулиекөл – Сұрған» күре жолының Қостанай облысының шекарасынан Сұрған ауылына дейін;
«Жақсы – Есіл – Бұзылық» жолының Жақсы ауылы мен Бұзылық ауылы арасы;
«Жезқазған – Петропавл» күре жолының СҚО шекарасынан Қостанай облысының шекарасына дейін;
«Екатеринбург – Алматы» тасжолының СҚО шекарасынан Атбасар қаласына дейінгі аралығы.
Солтүстік Қазақстан облысында:
«Жезқазған – Петропавл» күре жолының Ақмола облысының шекарасынан Дружбинское ауылына дейін;
«Екатеринбург – Алматы» автожолының Чистополье ауылынан Ақмола облысының шекарасына дейінгі аралығы.
Қостанай облысында:
«Қостанай – Әулиекөл – Сұрған» күре жолының Әулиекөл ауылынан Ақмола
«Жезқазған – Петропавл» тасжолының Арқалық қаласы мен Ақмола облысының шекарасына дейінгі аралығы.
Жол бойындағы жұмыстарға 170 арнайы техника мен 240 маман жұмылдырылды.