Жарнама
Жаңалықтар

Ұрпақ болашағы үшін дауыс беріңіз!

Атырау қаласындағы №89 учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Салтанат Жанекешованың айтуынша, 2719 сайлаушының  6-ы үйден дауыс беруге өтініш берген.

Қазіргі уақытқа дейін 100-ге жуық тұрғын өз таңдауын жасап үлгерді. Саяси науқанның барысын 6 байқаушы бақылап отыр. «AMANAT» партиясы Атырау облыстық филиалының атқарушы хатшысы Абдолла Идресов те осы учаскеде өз таңдауын жасады.

–Бүгін – ел өміріндегі тарихи күн! ҚР Президентін сайлау арқылы жаңа кезеңге қадам басамыз. Бірлігімізді бекемдеп, алдағы оң өзгерістерді ел болып атқаруымыз керек деп білемін. Бүгін мен өз таңдауымды жасадым! Елдің дамуы мен өркендеуі үшін дауысымды бердім! Мұндай саяси науқанда әр азаматтың дауысы маңызды деп білемін. Сондықтан өзіңіз тіркелген сайлау учаскесіне барып, таңдауыңызды жасаңыз. Ұрпақ болашағы үшін дауыс беріңіз! Келешек үшін жасаған қадамымыз құтты, қайырлы болғай!, — деді Абдолла Хамиұлы.

Салтанат Сансызбай

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button