Жаңалықтар

Университетте қоғам қайраткеріне арналған ескерткіш-бюст ашылды

Екі жыл бұрын С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінде Маруся Асаубаева атындағы Креатив хаб ашылған болатын.
«Маруся Асаубаева атындағы жеке қордың» демеушілігімен ашылған бұл орын өңірдегі талантты жастардың шығармашылығын, бастамаларын қолдап, рухани-мәдени әлеуетін дамытуға бағытталған орталыққа айналып келеді. Атырауда өтетін үлкен жиындар, соның ішінде Ұлттық құрылтайдың жұмыс секцияларының отырысы да осы орталықта болды.

Бүгін орталықта Маруся Маралқызы Асаубаеваның ескерткіш-бюсті ашылды. Іс-шараға университет ұжымы, кәсіпкердің отбасы, туыстары, достары қатысты. Қоғам қайраткерінің ескерткішін ашу құрметі UTEBAYEV UNIVERSITY Басқарма төрағасы-ректор Гүлзада Шакуликова мен «М.Асаубаева қайырымдылық қорының» директоры Ержан Бауыржанұлы Асаубаевқа жолданды. Салтанатты іс-шарада М.Маралқызының ағасы Ғабдрахим Маралұлы, келіні Жанар Асаубаева, немерелері келіп, қатысушыларға алғысын білдірді.

76baff1f 5583 4738 83ae ad930dd9b72f

– Ұлттық руханияттың үлкен жанашыры болған қайраткер Маруся Маралқызының ізгі жолы осындай мағыналы іс-шаралармен де жалғасып жатыр, — деп атап өтті ректор Гүлзада Тәңірбергенқызы.

М.Асаубаева — 100-ден астам табысты компания мен кәсіпорын құрған, қазақ қыздары арасынан алғашқылардың бірі болып шыққан ірі кәсіпкер, ұлттық руханияттыңжанашыры, қоғам қайраткері. Ол Британдық Қоғамдық компания Директорлар Кеңесіне мүше болған алғашқы қазақстандық әйел.


Мәлике МӘЛІК

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button