Университетте латын қарпіне көшу мәселесі талқыланды
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде Парламентке ұсынылған латын әліпбиінің жобасы туралы дөңгелек үстел өтті. Латын қарпіне көшу маңызды қадам екені айтылған жиынға облыс әкімінің орынбасары Әлібек Нәутиев, басқарма басшылары мен оқу орнының профессор ғалымдары мен студент жастары қатысты.
– Біз парламентте өткен талқылау барысында елімізде латын қарпіне көшу жұмыстары 2006 жылдан басталғанын білдік. Содан бергі 11 жыл аралығында ұлттық комиссия құрылып әліпбидің 100 бағыттағы нұсқалар дайындалған. Соның маңызды деп танылған екеуінің бірі ғана парламентке ұсынылды. Мемлекет басшысы елімізде қабылданатын заң, реформа болмасын ең алдымен халықтың талқылауынан өтуі тиістігін айтты. Сондықтан, латын әліпбиіне көшу мәселесі де жан-жақты талқылаудан өтеді, – деді облыс әкімінің орынбасары.
Оның айтуынша, бұл мәселенің орыс тіліне ешқандай әсері болмайды және әбден пісіп-жетіліп, ой талқыдан өткеннен соң ғана 2022-2025 жылдары мектептерден басталып енгізілетін болады.
Басқосуда сөз сөйлеген зиялы қауым өкілдері, әліпбидің жобасы туралы ой-пікірлерін ортаға салды.
Мәлике МӘЛІК
Суретті түсірген: Әнуар ӘБІЛҒАЗИЕВ.