ЖаңалықтарҚоғам
Универсиада: Галышева Қазақстанға төртінші алтынды сыйлады
Қазақстандық могулшы Юлия Галышева Алматыда өтіп жатқан қысқы Универсиада ойындарында алтын олжалады.
Финалда Галышева 73.80 ұпай жинады. «Күміс» медаль ресейлік Анастасия Первушинаға (62.13) бұйырса, «қола» жүлдені австриялық Катарина Рамзауэр (52.05) жеңіп алды.
Осымен Қазақстан құрамасының қоржынында төрт алтын. Сондай-ақ, екі күміс және төрт қола медаль бар.