Жарнама
Жаңалықтар

Ұлытаудағы жағдайға байланысты Үкіметтік комиссия құрылды

Ұлытау облысындағы шахтаның опырылуына байланысты арнайы үкіметтік комиссия құрылды. Премьер-министр Олжас Бектеновтің тапсырмасы бойынша, Жаңаарқа ауданындағы шахтаның опырылу себептерін анықтау және зардап шеккендерге көмек көрсету мақсатында комиссия құрылды. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

Комиссияны Премьер-министрдің орынбасары Қ.Бозымбаев басқарды. Вице-премьерге мемлекеттік органдар мен ұйымдардың жұмысын үйлестіру үшін төтенше жағдай орнына шұғыл бару тапсырылды.

Үкіметтің бұл шарасы шахтадағы апаттың салдарын анықтап, зардап шеккендерге көмек көрсетуге бағытталған. Комиссия барлық қажетті зерттеулерді жүргізіп, жағдайды бақылауда ұстайды.

А.НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ

Сурет: egemen.kz

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button