
Ұлытау облысындағы төтенше жағдай: жедел штабтар жұмыс істеуде
Ұлытау және Қарағанды облыстарының Төтенше жағдайлар департаменттерінің күштері мен құралдары оқиға орнында төтенше жағдайдың салдарын жою бойынша жұмыс жүргізуде.
Республика Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, қосымша көмек ретінде «АСС Серіктес» ЖШС-нің құтқарушылар тобы да кенішке жіберілді.
Министрліктің командалық орталығы, Ұлытау облысы ТЖД базасындағы және оқиға орнындағы жедел штабтар үйлестірілген түрде әрекет етуде. Сондай-ақ ақпарат алу үшін «жедел желі» іске қосылды: 8 (7172) 55-96-21.
-ТЖМ Командалық орталығында бейнеконференция байланысы арқылы апаттық-құтқару жұмыстары бойынша жедел штабтардың іс-қимылдары үйлестірілді. Оқиға орнында ТЖМ Төтенше жағдайлардың алдын алу комитетінің төрағасы Серік Жүнісбеков, Ұлытау облысы ТЖД бастығы Есен Байыров және Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Кеңгірбай Есенеев жұмыс жүргізуде, — делінген баспасөз хабарламасында.
А.ҚҰРМАШЕВА