Жарнама
Жаңалықтар

Ұлытау облысында кеніш опырылды: 7 кенші іздестірілуде

Ұлытау облысындағы «Жомарт» кенішінде тау жынысы опырылып, жеті кенші үйінді астында қалды. Олардың қазіргі жағдайы белгісіз, байланыс орнату мүмкін болмай тұр. Оқиға орнында құтқарушылар мен жедел қызмет өкілдері жұмыс істеп жатыр.

ArbatMedia ақпараттық ресурсының хабарлауынша, төтенше жағдай Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданында орналасқан «Жомарт» кенішінде орын алған. Республика Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, үйінді астында жеті адам қалуы мүмкін.

Құтқару жұмыстарына ТЖМ мамандары, кинологтар, дәрігерлер мен психологтар жұмылдырылды. Сонымен қатар Ұлытау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің және министрлік қызметкерлері де оқиға орнында.

-Төтенше жағдайға байланысты Командалық орталық пен облыстық ТЖД базасында жедел штабтар құрылды. Сондай-ақ жоғалған кеншілердің туыстарына арналған 8 (7271) 55-96-21 нөміріндегі «жедел желі» іске қосылды, — делінген ақпараттық хабарламада.

Айта кету керек, қазір үйінділерді аршу жұмыстары жалғасып жатыр, оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.

А.НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button