«Көктем-2024» оқу жаттығуының бірінші күні аяқталды

5ee82940 157b 45fa 8fd2 1f4239a66954 Жаңалықтар

Атырау облысы аумағында «Көктем-2024» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуының бірінші күні аяқталды, деп хабарлайды atr.kz тілшісі.

Атырау облысы ТЖД дағдарыс орталығында оқу-жаттығудың жедел штабы құрылған болатын. Жедел-штаб құрамында облыстық азаматтық қорғау қызметтерінің, жергілікті атқарушы органдарының және облыстың шұғыл әрекет етудің жиынтық жасағының өкілдері жұмыс жасады.

Оқу-жаттығудың негізгі орны Атырау облысы Қызылқоға ауданы Миялы, Сағыз ауылдық округтері болып белгіленді. 8 ақпанда Миялы көшелерінің суға кетуге бейім жерлерінен қар шығарылды. Сонымен қатар, Ақтөбе облысында өткен жылы қар мөлшері көп болуына байланысты, Ноғайты өзенінің арнасынан тасу қаупі төнген болатын. Осыған байланысты Сағыз ауылындағы өзен жағасы бекітіліп, Н.Абдуллин көшесі бойында орналасқан тұрғын үй тұсына қосымша топырақ төселіп, жаға бекіту жұмыстары жасалған болатын. 

Қала және барлық аудан аумағында «Көктем-2024» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы аясында қар шығару, су сору, жаға бекіту жұмыстары жүргізілді. 

2024 жылғы 8 ақпанда Атырау облысы бойынша:

• 300 куб.м қар шығарылды (Қызылқоға ауданы Миялы ауылы). Жалпы саны 10 техника жұмылдырылды.

• Көше бойы, тұрғын үй ауласынан еріген қар, жаңбыр суларын сору жұмыстары жүргізіліп, облыс бойынша 3805 куб.м су сорылды (Атырау қаласы, Қызылқоға, Махамбет, Индер аудандары). Жалпы саны 59 қызметкер, 19 техника жұмылдырылды.

• Облыс бойынша бөгеттерді қалпына келтіру (Жылыой, Индер, Исатай, Қызылқоға аудандары) жұмыстары жүргізіліп, 770 тонна инертті  материал және 600 қап топырақ төселді. (38 техника жұмылдырылды)

• Су басу аймағынан зардап шеккен тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіру жұмыстары жүргізілді.

• Эвакуацияланған халықты жылыту пункттеріне орналастыру, оларға дәрігерлік көмек көрсету және тамақтандыру іс-шаралары жасалды.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз