Ұлттық ұланның 5546 әскери бөліміне 33 жыл толды
Бүгін Атырау қаласында Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 5546 әскери бөлімінде аталған әскери құрылымның құрылғанына 33 жыл толуына арналған салтанатты іс-шара өтті.
Шара барысында 5546 әскери бөлімінің командирінің міндетін уақытша атқарушы, подполковник Самет Құлахмедов Ұлттық ұлан әскерінің еліміздің қауіпсіздігі мен тұрақтылығын қамтамасыз етудегі маңызды рөлі туралы сөз қозғады. Ол өз сөзінде бөлімнің қызметкерлерінің қырағы еңбегі мен жоғары әскери тәртібін ерекше атап өтіп, мереке қарсаңында жеке құрамды марапаттады.
Салтанатты шараға Атырау облысының Ұлттық ұлан әскерімен бірлесіп жұмыс істейтін мекемелердің басшылары қатысып, құттықтау сөздерін жеткізді. Сонымен қатар, 5546 әскери бөлімінің ардагерлері жеке құрамды құттықтап, әскери құрылымның тарихына шолу жасады.
Мереке барысында бөлім қызметкерлерінің жауапкершілікпен атқарған абыройлы қызметі мен кәсіби шеберлігі атап өтіліп, Ұлттық ұлан әскерінің маңызды жетістіктері дәріптелді.