Ұлттық спорт қауымдастығы бір жылда атқарған жұмысы туралы баяндады
29 тамызда Қазмедиа орталығында Ұлттық спорт қауымдастығы — Президенті Исламбек Төлебайұлы Салжанов, Бас редакторлар клубы – Президенті Бибігүл Нұрғалиқызы Жексенбай және Ұлттық медиа қауымдастығы – Төрағасы Кемелбек Бақтығұлұлы Ойшыбаев медиа-менеджерлермен және журналистермен кездесу өткізді.
Кездесу барысында қауымдастықтың бір жылдық жұмыс нәтижесі, ұлттық спорттағы өзекті мәселелер мен алдағы жоспарлар талқыланды. Сонымен қатар Ұлттық спорт қауымдастығы V Дүниежүзілік Көшпенділер ойындары қарсаңында «ALAMAN» медиа байқауын жариялады.
Бір жыл ішінде Ұлттық спорт қауымдастығының құрамына енген 9 федерацияның 7-уінің президенттері жаңадан сайланып, ұлттық спортты насихаттау мен дамытудағы жұмыстар қолға алынып, қарқынды жүруде.
Федерациялардың жаңа басшылары — түрлі саладағы бизнес өкілдері. Бұндай шешімді ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының президенті Исламбек Салжанов былай деп түсіндірді: «Сайланған федерация президенттері тәуелсіздік жылдары белгілі бір жетістікке жеткен, өздерін ұлт жанашыры ретінде көрсеткен азаматтар. Олар білімі, тәжірибесін және маңдай терімен тапқан қаражатын ұлттық спортымыздың дамуына салып отыр».
Исламбек Салжанов қауымдастықтың құрамындағы әр федерацияның жеткен жетістіктерін атап өтті. Соңғы бір жыл ішінде 9 федерация спортшылары 12 халықаралық жарыста 39 алтын, 27 күміс, 29 қола медаль жеңіп алған.
«Аударыспақ» федерациясы халықаралық съез өткізіп, дүниежүзілік федерация құрды. Штаб-пәтері Алматы қаласы деп бекітіліп, оның президенті болып ҚР федерациясының президенті Марат Жұман сайланды. Ал, «Тоғызқұмалақ» федерациясының ұйымдастыруымен 9 қыркүйекте Алматы қаласында бір мезгілде өтетін ойынға 3000-ға жуық тоғызқұмалақшының қатысуы жоспарланған. Бұл жобаны КИНЭС рекордтар кітабына енгізу көзделіп отыр.
Жетістіктермен қатар, қауымдастық жетекшісі ұлттық спортты дамытуға кедергі болып тұрған мәселелерге де тоқталды. Олардың ішінде елімізде ұлттық спорт түрлерінен мамандар даярлайтын арнайы бірде-бір орталықтың жоқтығы, ұлттық спорт инфрақұрылымының жағдайының мүшкіл хәлі, ат индустриясы қолға алынбай жатқаны сияқты проблемалар бар. Осы олқылықтарды жою үшін Парламент депутаттарымен бірге «Спорттық бағыттағы қазақ жылқы тұқымын сақтау және көбейту» туралы Заңнамалық актіге өзгерістер мен толықтырулар енгізуге ұсыныс берілді. Сонымен қатар ұлттық спорт мамандарын дайындау үшін жоғары оқу орындарымен жұмыс жүргізілуде.
Баяндамашы 2024 жылы Қазақстанда өткізілетін V Дүниежүзілік Көшпенділер ойындарына да тоқталды.
«Көшпелі дала салтын ұлықтаған ел ретінде біз дүбірлі жарысты жоғары деңгейде өткізуіміз керек. Бұл мәселе Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей бақылауында. Көшпенділер ойындары жылдан-жылға қанатын кеңге жайып дамуда. Мәселен, 2014 жылы бұл жарысқа 19 мемлекеттен 583 спортшы қатысты. 2022 жылы Түркияда өткен ойындарға 102 мемлекеттен 3000 спортшы қатысты. Ал, келесі жылы елімізде өтетін шараға әлемнің 100-ден аса елінен 3000 — нан аса спортшы, 15 мыңға жуық шетелдік турист келеді деп жоспарлануда» — деді Исламбек Салжанов.
Осы жарысты ұйымдастыру арқылы Қазақ еліне өз мәдениеті мен тарихын, руханияты мен қолөнерін, салт-дәстүрі мен ұлттық болмысын бүкіл әлемге насихаттауға зор мүмкіндік туады.
Сөз соңында ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының президенті Исламбек Салжанов ұлттық спорт түрлерінің насихатын күшейту үшін, осы саладағы журналистер, БАҚ өкілдері және авторларды кәсіби тұрғыдан бағалап, ең үздіктерін анықтау мақсатында 2023 жылдың 1 қыркүйегінен бастап «ALAMAN» медиа байқауын өткізетінін жариялады.
иа-менеджерлермен және журналистермен кездесу өткізді.