Қазақстанда жүзден астам этникалық және бірнеше конфессиялық топ өкілдері қалай өмір сүріп жатыр?

ukecekueueueueueueueueu Жаңалықтар

Діни ұстанымдары әртүрлі әлем жұртын ортақ мүддеге тоғыстыру әсте мүмкін емес секілді. Алайда, Қазақстан бастамашы болып, сәтті жүзеге асқан жаһандық қадам бұл ұстанымды жоққа шығарды. Ұлы дала елі дінаралық және ұлтаралық диалог өрбітуде маңызды бастама көтеріп, соның дәлеліндей, бірнеше жылдан бері Елорда төрінде Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі өткізіліп келеді.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлт ан Назарбаев республика астанасында әлемдік және дәстүрлі діндер форумын өткізу бастамасын алғаш болып көтерді. Аталған сала көшбасшылары арасындағы сенім мен өзара түсіністікке негізделген диалог алаңын қалыптастырған Қазақ елі бір үстелдің басына мұсылман, христиан, буддизм, иудаизм және басқа да діндердің қайраткерлерін жинап, халықаралық өзекті мәселелерді бірлесе шешу жолдарын талқылауға мүмкіндік жасады. Осы мақс атт ағы ең алғашқы басқосу астана төрінде 2003 жылы 23-24 қыркүйекте өтті.

Алқалы жиынға ислам, христиан, иудаизм, синтоизм, индуизм және буддизмнің беделді өкілдері қатысты. Съездің жоғары деңгейде өтуі конфе ссияара лық форум өткізу жөніндегі Қазақстан бастамасының жүзеге асуының даусыз табысына айналды. Діндер диалогының алғашқы съезіне қатысушылар арасында бүгінгі әлемдегі діннің рөлі және кез-келген діннің негізгі моральдық құндылықтарының жалпыадамзаттық сипаты жөнінде ашық пікірлесу өтті.

Бірегей және есте қаларлық оқиғаға айналған форум бүкіл әлемдегі адамзат баласының бейбіт және лайықты өмірі үшін түрлі діндер өкілдерінің ынтымақтастығы мен бірлігінің өзектілігін және аса қажеттігін көрсетіп берді. Съездің идеясын К.Аннан, Дж.Буш, М.Тэтчер, Цзянь Цземинь, Н.Манделла, Ж.д’Эстен және әлемнің өзге де аса ықпалды саясаткерлері қолдады. Форум қорытындысы бойынша рухани көшбасшылар қоғамда тұрақтылықты сақтау бағытындағы бірле скен іс-әрекеттері тура лы мәлімдеген декларация қабылдады.

Ауқымды шараның тағы бір табысы ретінде дінаралық форумды әр үш жылда бір реттен кем емес әрі тұрақты негізде өткізіп тұру туралы шешім қабылданды. А л ғ а ш қ ы с ъ е з д с о ң ы н д а бекітілген шешім қағидаттарына сай, 2006 жылы 12-13 қыркүйекте елордада өткізілген ІІ съезд арнайы форум үшін салынған жаңа «Бейбітшілік және келісім сарайы» ғимаратында өтті. Форум «Дін, қоғам және халықаралық қауіпсіздік» атты жалпы тақырып аясында өтіп, оның жұмысына 29 делегация қатысты.

ІІ съезд қорытындысы бойынша қатысушылар барлық діндер мен этникалық топтар өкілдерін мәдени және діни ерекшеліктер негізіндегі дау-жанжалдарға жол бермеуге шақырған бірлескен декларация қабылдады. Бұл құжатта «қырғиқабақ идеологияны» «әлем мәдениетіне» ауыстырудың жаһандық қажеттілігі кең көрініс тапты. Еуропа, Азия, Таяу Шығыс және Американың 35 елінен 77 делегация қатысқан Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының III съезі 2009 жылы 1-2 шілдеде Астана қаласында өткен еді. Оның басты тақырыбына кез-келген мәселенің оң шешілуіндегі рухани көшбасшылар ролін олардың өзара құрмет пен ынтымақтастыққа негізделген толерантты әлемді қамтамасыз етуге қосқан үлесі аясында арттыру жайы арқау болды.

Үшінші форумның қорытындысы бойынша қатысушылар жұртшылықты шынайы дінаралық диалог орнату үшін діни көшбасшылар мен ұйымдардың күш-жігерін қолдауға және арттыруға, діндер мен өркениеттердің өзара түсіністік пен құрметті жақсартуға бағыталған үнқатысуын қолдауға ықпал етуге шақырған бірлескен декларация қабылдады. Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының IV съезі 2012 жылғы 30-31 мамырда Астанада өтті.

«Бейбітшілік пен келісім адамзат таңдауы ретінде» деп аталған форумға әлемнің 40 елінен 85 делегация қатысты. Басқосу аясында Діни көшбасшылар кеңесінің бірінші отырысы өтті. Жалпы съезд жұмысының қорытындысы бойынша қатысушылардың үндеуі қабылданып, діни көшбасшылар бүкіл адамзатты ғаламшар болашағы үшін өзара ықпалдастыққа, келісім мен бейбітшілікке, әділеттілік пен жасампаздыққа ұмтылуға шақырды.

2 0 1 5 ж ы л д ы ң м ау с ы м ы н д а өткен әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының V съезі «Діни көшбасшылар мен саяси қайраткерл е рд і ң бе й б і т ш і л і к ж ә н е д а м у жолындағы диалогы» деген тақырыппен өтті. Осы күндері Бейбітшілік және Келісім мұражайы ашылды. Форумның басты үндеуі – бейбіт келіссөздер арқылы әлемнің түкпір-түкпірінде болып жатқан зорлық-зомбылықты тоқтату болды. Ал, арада 3 жыл өткен соң, 2018 жылдың қазан айында Астанада ә л е м д і к ж ә н е д ә с т ү рл і д і н д е р көшбасшыларының кезекті басқосуы өтті.

Съезд қорытындысы бойынша қабылданған Декларацияда форум қатысушылары ұзақ мерзімді тұрақтылыққа қол жеткізу және ө ш п е н д і л і к п е н т ө з і м с і зд і кт е н т у ы н д а ғ а н к ү ш т е п ж а с а л ат ы н әрекеттердің алдын алу жөнінде күшжігер қосуға әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларын барынша тартуға әзір екендіктерін жеткізді. Әлемнің 42 елінен 80-нен астам делегация қатысушыларының ішінде беделді саясаттанушылар, ислам, христиан, иудаизм, буддизм, индуизм, даосизм, зороастризм діндерінің лидерлері, сондай-ақ, БҰҰ, ЕҚЫҰ, ЮНЕСКО, Араб мемлекеттерінің Лигасы, т.б халықаралық және қоғамдық ұйымдар өкілдері болды

ТҮЙІН:

Алғашқы басқосуы өткен күннен бастап, конфессияаралық және дінаралық қатынастар мәселелерін талқылауға арналған беделді халықаралық алаңға айналған съезді өткізу арқылы Қазақстан бүкіл әлемдік қоғамдастық алдында ұлттық консенсустың және қоғамды біріктірудің үлгісін көрсете білді. Еліміз этносаралық және конфессияаралық келісімді сақтау бойынша үлкен тәжірибеге ие және осы салада әрдайым тиімді ынтымақтастыққа дайын екенін дәлелдеп келеді. Бұл да – Жаһандық жарқын бастамалардың қатарындағы тәуелсіз Қазақстанның айшықты қолтаңбасы. Ғаламдық рухани дағдарыстарға бірігіп қарсы тұруға осындай қадамдар жасап отырған еліміз бұл бағытта әлі талай шараларға ұйытқы боларына сенім мол.

Гүлжан ӘМІРОВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз